10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

«Сағындырған әндер – ай» мектепішілік оқушылар арасында өткен ретро - фестиваль шығармашылық ән байқауы

  2017 жылдың 2 ақпанында мектебімізде «Сағындырған әндер – ай» мектепішілік оқушылар арасында ретро-фестиваль шығармашылық ән байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл өнерпаз жастарды анықтау.

   Қазақ елінің ұлы композиторларының туындыларын жас ұрпаққа насихаттау. Ән байқауы 1 кезеңнен өтті. Сайыскерлер Шәмші Қалдяқов, Нұрғиса Тілендиевтің әндерін орындады. Байқауды Жасқайратұлы Тәттімбет Шамші Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы» әнімен бастады. Истай Айнұрмен Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін, Әділбек Райымбек «Бейбітшілік жыры», Арман Гүлнәр халық әні «Әгугай», Тулеубекова Динара «Дариға дәурен» сынды әндерді шырқады. Әділқазылар алқасының төрайымы еңбек пәнінің мұғалімі Төлегенқызы Қанипа оқушылардың талаптарын көріп,, өнерлеріне риза болып, алдағы өмірлік шығармашылық жұмыстарына сәт-сапар тіледі.

   Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде Тулеубекова Динара, 1-орын Жасқайратұлы Тәттімбет, 2-орын біреу Арман Гүлнәр 3-орын Қыздар тобы иеленді. Жеңімпаз оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталып, барлық сайыскерлер сертификаттар иеленді.

 

1 1
1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше2
Апта4
Ай37
Барлық күндері36444

 

 

Температура параметрі

winter