10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Әлеуметтік желілердегі адам өміріне қауіп төндіретін, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін заңсыз тіркелген ойындардан жасөспірімдердің арбалуының алдын – алу бойынша аудандық ақпараттық-насихаттау тобының мектеп оқушыларымен кездесуі

   2017 жылғы 16 ақпан күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 8-11 сынып оқушыларымен аудандық ақпараттық-насихаттау тобы «Әлеуметтік желілердегі адам өміріне қауіп төндіретін, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін заңсыз тіркелген ойындардан жасөспірімдердің арбалуының алдын – алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге «Жастар орталығы» директорының м.а Тулеубаев Мереке Қайратұлы, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Рахимтаев Ержан Бақтыбайұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция майоры (келісім бойынша) Күлжанова Айтжан Мұқатайқызы, аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Мекен Айгерім Маратқызы, дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығының директоры Сапарғалиев Сансызбай Серікұлы қатысты.

   Кездесу барысында «Жастар орталығы» директорының м.а Тулеубаев Мереке Қайратұлы қазіргі уақыттағы әлеуметтік желілердегі адам өміріне қауіпті ойындар «Көк кит», «Тихий дом», «Разбуди меня 4.20» т.б. ойнауға болмайтынын ескертті. «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Рахимтаев Ержан Бақтыбайұлы өз сөзінде жастардың интернет желісіндегі қауіпті ойындарға не себепті баратындарына тоқтала отырып, оқушыларға бос уақыттарын тиімді пайдалануға кеңес берді. Аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция майоры (келісім бойынша) Күлжанова Айтжан Мұқатайқызы сөйледі. Ол оқушылардың мектеп ережелерін сақтай отырып, мектепте смартфонды (ұялы телефон) ұстауға болмайтынын және оның дұрыс білім алуға кері әсер ететінін ескертті. Аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Мекен Айгерім Маратқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице – министрі Б.Асылованың бұйрығымен «Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс – шаралар жоспарымен таныстырып өтті. Осы жоспар бойынша әр мектептерде 2017 жылдың 10 ақпанынан 10 наурызға дейін он күн бойы әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Өткізілетін іс-шараларға оқушылардың белсенді қатысуларын сұрады.

   Дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығының директоры Сапарғалиев Сансызбай Серікұлы әлеуметтік желілердегі адам өміріне қауіпті ойындардың адам санасын улай отырып, адамды өзіне –өзі қол жұмсауға әкелетінін ескертті. Ол өз сөзінде ислам дінінде адам өзіне берілген өмірді дұрыс өткізу және адам өзіне –өзі қол жұмсамау сияқты ақыл-кеңестерін айтып өтті. Сондай-ақ оқушыларға қазіргі кезде білім алып, алдына қойған мақсаттарына қол жеткізіп, ата –аналарын сыйлау керектігіне тоқталды.

   Сөз соңында кездесу ұйымдастырушылары мектебімізде өткен бұл шарадан оқушылар өздеріне әлеуметтік желідегі қауіпті ойындарды ойнап уақыт өткізгенше, білім алып, спорттық үйірмелерге қатысу тиімді екеніне көз жеткізді.

 

ДТЖО Б.Р.Шокина

 

1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше2
Апта4
Ай37
Барлық күндері36444

 

 

Температура параметрі

winter