10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ

   Ағымдағы жылдың 17 ақпанында мектебімізде 7 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Толағай» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылар мен ата – аналарға салауатты өмір салтын қалыптастыру және оларды спортқа баулу. Сайысқа үш отбасы қатысты. Олар Масғұттар отбасы, Әліпимиш отбасы, Калымжановтар отбасы .

   «Толағай » спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрды. 1 кезеңі таныстыру ( аты, ұран, төс белгісі ), 2 кезеңі «Кім бірінші», 3 кезеңі «Кім шапшаң», 4 кезеңі «Арқан тартыс», 5 кезеңі «Такси», 6 кезеңі «Күш сынаспақ». Әр кезеңнің шарты бойынша оқушылар мен ата-аналар белсенді қатысты. Әр кезеңге тоқталып өтсем. «Кім бірінші» кезеңінде ата-ана қол ұстасып, баланы қолдарына отырғызып кеглилердің арасынан өтіп мәжеге барып кері қайтты. «Кім шапшаң» кезеңінде әкелері екі аяқтың ортасына допты қысып мәжеге барып қайта келгенде, анасы секірме жіппен секіріп қайтады. Ал, баласы секіргіш доппен секіріп орындарына келді. «Арқан тартыс», «Такси», «Күш сынаспақ» кезеңдерінде әр отбасы бір-бірлерімен күш сынасты.

   Сайыс соңында ДТЖІО Каукенова А.К спорттық ойынға қатысқан отбасыларын құттықтап, «Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние, ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш - жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімін де қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін» - деп аяқтады. Әділ қазы алқасы сайыс қорытындысын шығарып, І орынды Әліпимиш отбасы ие болды, ІІ орынды Калымжановтар мен Масғұттар отбасылары марапатталды.

 

1 1
1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін4
Кеше2
Апта4
Ай37
Барлық күндері36444

 

 

Температура параметрі

winter