10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28          

«Әлеуметтік желідегі ойындар – ғасыр дерті»

   Ақпан айының 21 жұлдызында «Синий кит», «Тихий дом», «Я в игре», «Разбуди меня в 4:20» әлеуметтік желідегі суицидальдық ойынға қарсы «Әлеуметтік желідегі ойындар – ғасыр дерті» тақырыбында акция өткізілді. Акцияның мақсаты оқушыларымызды ғаламтор желісіндегі зұлмат ойынның бұғауынан құтқару, өмірге деген құлшыныстарын арттырып, бойларында патриоттық сезімдерін нығайту. Акция мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушілері, Аға тәлімгерлер және «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өтті. Акцияның басында XXI ғасырдың зұлматты ойынына қарсы түсірілген бейнебаян көрсетіліп, осы ойынның бастауы 2015 жылы Ресей Федерациясында жарық көрген «50 дней до самоубийства» атты кітаптан бастау алатыны сынды деректерді директордың тәрбие ісі меңгерушісі Д.М.Жұмабаев айтып кетті. Кейінгі кезеңде оқушыларға «#Синийкит», «#Тихийдом», «#Явигре», «#Разбудименяв4:20» атауымен жазылған хэштегтердің мағыналары түсіндірілді. «Еліміздің әр облыстарында осы ойынның шырмауына түскен қаншама оқушыларымыз бар. Егер осы ойын болмаса, осы балалардың өмірлері басқаша болар ма еді?» сынды сұрақтар қойылып, оқушылармен сыр-сұхбат жүргізілді.» «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының тілшісі 9 «Б» сынып оқушысы Бахитденов Аблай оқушылар мен ұстаздарға ойынның шығу тарихы, ойынға қарсы өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы бірер сұрақтар қойып, сұхбат өткізді. Мектебіміздің 9 «Б» сынып оқушылары Бахитденов Аблай «Қазақстандағы Синий кит жайлы», Мұратова Қымбат «Көк киттің қатысы қанша?», Капашева Жансара «Синий кит», Сыздыкова Жансая «Әлеуметтік желілерді бұғаттасақ қалай болады?» тақырыптарында баяндама оқыды. Шараның соңында оқушылардың осы ойынға қарсылықтарын білдіретін эмблемалар беріліп, естелік фотосуретке түсірілді.

 

1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін0
Кеше4
Апта4
Ай37
Барлық күндері36444

 

 

Температура параметрі

winter