10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып берлестігінің онкүндігінде өткізілген іс-шаралар

    24.04.-04.05. аралығында бастауыш сынып бірлестігінің «Балбұлағым -бастауышым» тақырыбында онкүндік өтті. Онкүндіктің жоспары құрылып, әр мұғалім өзіне жүктелген іс-шараларды жоспар бойынша уақытында өткізіп отырды.

   24.04 күні бірлестіктің ашылуына байланысты стенд жасалып, бастауыш сынып оқушыларын апталықтың жоспарымен таныстырып өттік.Әр сыныпқа сайыстың өтілу тәртібін мұғалімдер айтып өтті.

   25.04. күні Арынжанова А.А. мен БакибаеваА.С. ұйымдастыруымен «Что?Где?Когда» сайысы өтті.Бұл сайысқа 2 сынып оқушылар қатысты.Сайыс тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес және қызықты алынған.Оқушылар қызығушылықпен қатысты.Сайыс соңында сынып оқушылары номинация бойынша марапатталды.

   26.04. күні 3 сыныптар арасында «Шеберхана» қолөнер сайысы өтті.Сайысты Сулейменова С.О. мен Сапар М.Т. өткізді. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.

   27.04. күні Ауғалиева Д.Т. мен Дюсенова Ш.М. «Білгіштер бекеті» сайысын ұйымдастырып, сайыс қорытындысы бойынша орын алған оқушыларды марапаттады.

   28.04. күні Ишанова Қ.Т. мен АдабековаР.А. ұйымдастыруымен «Жүзден жүйрік озар» сайысы өтіп, жеңімпаз оқушылар марапатталды.

   28.04. күні Сулейменова Г.Т. мен МуратоваЖ.Е. 2 сынып оқушыларымен «Көктем сәні» атты ертегіні мектепалды даярлық топ оқушыларына сахналады.Балалар ертегіні қызықтап, өте жақсы әсер алып қайтты.

   Шапиев Д.С. ұйымдастыруымен «Менің арманым» тақырыбында макет жасау сайысы өтті.Өкінішке орай бұл сайысқа барлық сынып қатысқан жоқ.9 мамыр –Жеңіс күніне орай сурет көрмесі ұйымдастырылды.

   Сонымен қатар ЭКСПО-2017 тақырыбында шығарма жазу сайысы да өтті.Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар марапатталды. Онкүндіктің соңғы күні Оразбаева А.М.,ОмароваА.А. және ЖабагинаГ.К. мұғалімдері «Әнші балапан» сайысын ұйымдастырды.Сайысқа оқушылар өте белсенді қатысты.Ата-аналар да балаларға демеу көрсетіп, өз белсенділіктерін байқатты.4.05. күні апта бойы өткен сайыстарда жүлделі орын алған оқушылар Мақтау граммотасымен марапатталды.

   Осы онкүндік аясында мектепалды даярлық топ мұғалімдері де өз тәрбиеленушілерімен ертеңгіліктер ұйымдастырып өткізді.Смайлова А.Р. «Ертегілер әлеміне саяхат» атты іс-шара ұйымдастырды.Ибраева М.Ә. «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында салауатты өмір салтын насихаттау тақырыбында іс шара ұйымдастырса, Абиева Б.Ш. «Ғажайып тіл дамыту әлемі» тақырыбында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға іс шара ұйымдастырды. Бастауыш сынып бірлестігінің сыныптан тыс іс –шаралар онкүндігі жоспар бойынша өтті.Барлық жауапты мұғалімдер іс –шара әзірлемелерін фото есеппен тапсырды.Алдағы уақытта өткізген іс –шаралардың қорытындысы туралы ақпарат жазылып, сайтқа жіберлуді ұсынамын.

 

1 1
1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін15
Кеше10
Апта56
Ай44
Барлық күндері37498

 

 

Температура параметрі

winter