10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

01.06.2017 жылы «Халықаралық балаларды қорғау күні» «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы

    Балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану, оқушылардың жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда дамытып, жетілдіру мақсатында «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңы өз жұмысын таңертеңгі сағат 8.00-де бастады.

   Әдемі түрлі түсті шарлармен безендірілген мектеп алаңына 145 оқушыға жуық балалар жиналып, көңілді әуенмен өз жұмысының жалғасын тапты. «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты концерттік бағдарлама түрінде өтті.

   Мектеп жанындағы «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңының бірінші күні концерттік бағдарламамен басталып, балалардың жазғы уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, балалардың сауықтыру алаңына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында көңілді де қызықты ойындар өткізіліп, балалар ән айтып, би биледі. Концерттік бағдарлама мектеп директоры Мажитова С.С. құттықтау сөз сөйледі. «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңында концерттік іс-шара кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы көтерілді. «Айналайын »жазғы сауықтыру алаңының тәлімгерлері мультфильм кейіпкерелер киімдерімен шығып,таныстырылды. Салтанатты концерттің соңы би кешімен өз соңын таба білді. Концерттік бағдарламада «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңының ұжымымен балалар таныстырылып өтті. Концерт соңында балаларға «Тәтті үстел» ұйымдастырылып, балмұздақ, жеміс шырыны берілді. Балалар түрлі-түсті бормен мектеп алаңына асфальтқа сурет салды. Балаларды қауіпсіздік ережесімен таныстырып, өз топ бөлмелеріне, тәлімгерлерімен таныстырылды.

 

1 1
1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше2
Апта31
Ай19
Барлық күндері37473

 

 

Температура параметрі

winter