10
7
8
9




Экскурсия по школе
Блог директора

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 25 26 27 28 29
30 31          

Әліппеге алғашқы қадам

    «Биылғы оқу жылы Майқайың мектебі үшін ерекше жыл. Себебі Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды даярлық тобында эксперимент жүргізілуде. «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығымен білім берудің дамытудың инновациялық орталығаның әдіскері Барамбаева Б.С мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Мукушев Р.А таныстырды. Мектепалды даярлық тобында 20 оқушы қабылданды. Тәрбиешісі боп Ибраева Майра Әлипбековна тағайындалды. Эксперимент жөнінде ата-аналар толық мәлімет алды. Эксперименттің негізгі мақсаты – педагогтерге мектепалды балаларына сауат ашу негіздерін меңгертудегі «Әліппе» оқу-әдістемелік кешеннің негізгі идеялары мен күтілетін нәтижеге оңтайлы жетудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Әліппе оқу-әдістемелік кешенінің бір ерекшелігі – 6 жасар балалардың жетекші әрекеті ойын екендігі ескеріліп, сенсорлық және ұсақ моторикасының дамуын қамтамасыз ететін әрекеттермен ұштастырылуы. Оқулықтың суреттері, безендірілуі, іс-әрекеттердің балалардың психологиялық және жас ерекшелігіне қарай құрылуы – басты құндылықтарының бірі. Әліппе оқулығының қалыптасу тарихында А.Байтұрсыныовтың талдау-жинақтау әдісін, баланың өмірлік тәжірибесімен байланыстыру, күнделікте өмірде қолдану әдістерінен бастап және дүниежүзіндегі оқулықтарға талдау жасалынып, ең қолайлы тұстары, әдістемелері негізге алынды.

 

1 1

Сайт бойынша іздеу

Сайтқа кіру

Сайт статистикасы

Бүгін2
Кеше5
Апта26
Ай26
Барлық күндері36433

 

 

Температура параметрі

winter