Жаңалықтар
«Жүзден жүйрік озар» интеллектуалды сайыс
Бастауыш сынып апталығында 3 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік озар» атты интеллектуалды сайыс ойыны өтті. Сайыстың мақсаты: алған білімдерін қолдана білу. Сергектік зеректіктерін байқау. Оқушылардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық қабілетін дамыту. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Әр топта 3 оқушыдан, жалпы 12 оқушы қатысты. Сайыс кезеңдері өмірмен байланысты және әр түрлі қызықты ақпараттармен танысты. Осы сайыста «Алғырлар» тобы 1 –ші орынға ие болды , «Жас қыран» тобы 2- ші орын, «Жас Ұлан» тобы 3- ші орынды иеленді. Сайыс өз дәрежесіне жетті.
«Балбұлағым- бастауыш » атты бастауыш бірлестігінің апталығында өткен «Менің арманым » тақырыбында макет жасау сайысы
2 сыныптар арасында «Менің арманым » тақырыбында макет жасаудан сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.Оқушылардың шығармашылығын дамыту. Нәтижесінде :2 «ә» сыныбы 1 орын, 2 «б» сыныбы 2 орын, 2 «в» сыныбы 3 орныға ие болды.
«ХІІІ Мәшһүр Жүсіп оқулары» аудандық ғылыми- тәжірибелік конференциясы
2017 жылдың 28 сәуірінде «ХІІІ Мәшһүр Жүсіп оқулары» аудандық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Біздің №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сыныптарынан 2 оқушы қатысты.
4 «А» сынып оқушысы Қаирбек Ақнұр «Жерімде жүрген-тұрған сөзім қалған...» атты мәнерлеп оқу бағыты бойынша ІІІ орын иегері атанды.
«Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» атты ғылыми жоба бағыты бойынша 4 «В» сынып оқушысы Алимов Ерлен ІІІ орын иеленіп, 2 оқушы да дипломмен және медальмен марапатталды. Жетекшілері: Жунусова Д.Т., Елеусизова А.М.
"Бастауыш сынып онкүндігінде"
2017 жылдың 26 сәуір күні "Бастауыш сынып онкүндігінде" 3 сынып арасында 4 топтың қатысуымен «Өнерлі өрге жүзер» атты қолөнер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: - Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерімізге деген қызғушылығын, ойлау қабілетін, сөйлеу шеберлігін арттыру, сахнада өзін-өзі ұстау қабілеттін қалыптастыру;
«Білгіштер бекеті» сайысы
Сәуір айының 27-ші жұлдызында бастауыш сынып апталығына орай бірінші сыныптар арасында «Білгіштер бекеті» атты сайыс өтті. Әр сыныптан екі оқушы қатысып топ құрады. Ойын бес кезеңнен тұрды. Сайыстың мақсаты: Жан-жақты ой-өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу. Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой-қисынын дамыту. Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу. Оқушылар әр кезеңде қызықты сұрақтарға қызыға отырып жауап бере білді. Болашақта осы оқушыларға сайыстарға жиі қатыстырып отырсақ ізденпаз, жан-жақты, ойы ұшқыр оқушы шығады деп ойлаймын.
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып берлестігінің онкүндігінде өткізілген іс-шаралар
24.04.-04.05. аралығында бастауыш сынып бірлестігінің «Балбұлағым -бастауышым» тақырыбында онкүндік өтті. Онкүндіктің жоспары құрылып, әр мұғалім өзіне жүктелген іс-шараларды жоспар бойынша уақытында өткізіп отырды.
24.04 күні бірлестіктің ашылуына байланысты стенд жасалып, бастауыш сынып оқушыларын апталықтың жоспарымен таныстырып өттік.Әр сыныпқа сайыстың өтілу тәртібін мұғалімдер айтып өтті.