Жаңалықтар
26 сәуір Радиациялық апаттың құрбандарын еске алу күніне орай мектеп оқушыларымен Майқайың кентінің тұрғыны Сеитов Нұрлан Қабыкенұлымен өткізілген кездесу кешінің анықтама есебі
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру арқылы үлкенді сыйлау, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жеке тұлға ретінде патриоттық көшбасшылық қасиеттрін қалыптастыру.
Аталған кешке кент тұрғыны Нұрлан Қабыкенұлы Сеитов қатысты. Кездесу кешінде осыдан 25 жыл бұрын, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атомды энергияны пайдалану тарихында мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат орын алғаны туралы 10 «А» сынып оқушыларының зерттеуімен дайындалған слайд көрсетілді.
Жаңартылған білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үдерісі
Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің пилоттық жобасына қатысатын №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 2017 жылдың 11 сәуір күні “Жаңартылған білім беру жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін басқару”тақырыбында аудандық семинар өтті. Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.З. Нуртаева және әдіскерлер А.И.Ибраева, С.Х.Мусатаева қатысты. Аудандық семинарға Баянауыл ауданы бойынша 27 мектептен 108 мұғалім қатысты.
«Мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы»
Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017 жылдың 30 наурыз күні «Мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы-оқушы табыстылығының факторы» тақырыбында облыстық ғылыми –тәжірибелік конференция өтті. Конференция пленарлық бөлімнен, ашық сабақтардан, шеберлік сағаттардан және іс-әрекеттегі зерттеу және сабақты зерттеу нәтижелері бойынша постерлік қорғау жұмыстарынан құрылды.
ҰСТАЗДАР ТӘЖІРБИЕСІ ШЫҢДАЛУДА
Павлодар қаласындағы химия - биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директордың орынбасары Д.Е.Сегизбаев өз әріптестерімен және педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қаласындағы филиалының оқытушы-тренері А.Р.Ибраева №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектеп базасында өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Әлеуметтік желідегі ойындар – ғасыр дерті»
Ақпан айының 21 жұлдызында «Синий кит», «Тихий дом», «Я в игре», «Разбуди меня в 4:20» әлеуметтік желідегі суицидальдық ойынға қарсы «Әлеуметтік желідегі ойындар – ғасыр дерті» тақырыбында акция өткізілді. Акцияның мақсаты оқушыларымызды ғаламтор желісіндегі зұлмат ойынның бұғауынан құтқару, өмірге деген құлшыныстарын арттырып, бойларында патриоттық сезімдерін нығайту. Акция мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушілері, Аға тәлімгерлер және «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өтті.
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында мектебімізде 7 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Толағай» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылар мен ата – аналарға салауатты өмір салтын қалыптастыру және оларды спортқа баулу. Сайысқа үш отбасы қатысты. Олар Масғұттар отбасы, Әліпимиш отбасы, Калымжановтар отбасы .