Жаңалықтар
«Сағындырған әндер – ай» мектепішілік оқушылар арасында өткен ретро - фестиваль шығармашылық ән байқауы
2017 жылдың 2 ақпанында мектебімізде «Сағындырған әндер – ай» мектепішілік оқушылар арасында ретро-фестиваль шығармашылық ән байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл өнерпаз жастарды анықтау.
2017 жылдың 25 қаңтарында өткен XXVIII қысқы дүниежүзілік универсиадаға арналған «Қанатыңды кең серпі!» тақырыбында бірыңғай сабаққа
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында XXVIII қысқы дүниежүзілік универсиадаға арналған «Қанатыңды кең серпі!» тақырыбында бірыңғай сабақтар өтті. Тәрбие сағатының мақсаты оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, универсиаданың маңыздылығын түсіндіру. I-II ауысымдағы 1-11 сыныптарда тәрбие сағаты 1-сабақта өтті. 2-сыныптар арасында тәрбие сағаттарында мұғалімдер кіріспе сөзден бастап, оқушыларға универсиада туралы түсінгендерін жетекші сұрақтар арқылы білді. Интербелсенді тақта арқылы Алматы қаласында өтетін универсиада туралы бейнебаян көрсетілді.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Заирбаева мен аға тәлімгер Д.С.Шапиевтің ұйымдастыруларымен Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 10 «А» сынып оқушысы Бахытұлы Дәуренбектің 8-сынып ұлдар арасында СӨС-ті сақтау, Дүниежүзілік Универсиада бойынша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты спорттық сайыс өткізді. Сайысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Заирбаева құттықтау сөзімен ашты. Мектептің күміс-көмей әншісі Хажғали Толағай сайыскерлерге арнап «Алға, Қазақстан!» әнін шырқады.
Дарынды оқушы – ұлт болашағы
Қаңтардың 13 жұлдызында мектебімізде «Кемел келешек кілті білімде» атауымен мектепішілік пәндік олимпиададан, аймақтық спорттық жарыстардан, Республикалық «Ақбота» байқауынан жүлделі орындар иеленген дарынды оқушыларды марапаттау кеші өтті.
Мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі – дарынды балаларды таба білу, тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік туғызу. Осы шарт бойынша №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі нәтижелі жұмыс жасау үстінде. Бала-біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Баланың бойында мүмкіндіктердің бәрі бар. Тек оларды көру, білу, ашу қажет.
«Білім берудің мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамыту» облыстық байқауының қорытындысы
2017 жылдың 10 -қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ-да «Білім берудің мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамыту» облыстық байқауының II кезеңі (күндізгі) өткізілді.
Барлық типтегі жалпы білім беретін мектеп басшыларының қызметін жетілдіруге бағытталған байқаудың мақсаты: Педагогтердің функционалдық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық жобаларды қолдап, білім беру саласында басқарудың жаңа бағыттарын зерттеу және анықтау.
Қысқы демалыс
Қысқы демалыс уақытында мектеп оқушыларының бос уақытын қамтуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебімізде әр түрлі іс-шаралар өтті. 4-5 қантар аралығында 4-7 сыныптардың ұйымдастыруымен мектеп алаңында қардан ертегілер кейіпкерлерінің мүсіндерінен көрме жасады.
5 қаңтар күні «7 керемет» 7-сыныптардың қыздар арасында ұлттық қол өнерді дамытуда әр түрлі мүсіндер, кестелер жасады.