Жаңалықтар
«Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойын
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып апталығында ұйымдастырылған орыс тілі пәнінен «Что? Где? Когда?» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Сайысқа бес 2-ші сынып оқушылары қатысты.
«Ұлы Жеңіс жасасын!»
Ұлы Жеңістің 72 жылдық және 7 мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы күштері күніне орай мектебімізде атаулы іс-шаралар өткізілді. «Ұлы Жеңіс жасасын!» тақырыптарында 1-11-сыныптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары,Ұлы Жеңістің қасиетін тқсіндіру, Отан үшін жан өиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
«Бастауыш көшбасшысы»
2 мамыр күні бастауыш сынып апталығында 4-сыныптар арасында «Бастауыш көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны өтті. Оқушылар бұл сайыста өзерінің жыл бойы алған білімдерін көрсетті. Сайыс 5 кезеңнен құрылды, осы 5 кезеңнен де сүрінбей өткен 4 «Ә» сынып оқушылары 1-орынға ие болды, 2- орын 4 «Б»сынып оқушылары алса, 3-орынды 4 «В» сынып оқушылары иеленді.
«Біз болашақ Ұланбыз»
05.05.15ж күні сағат 10.00-да 6-7сынып оқушыларының қатысуымен «Біз болашақ Ұланбыз» тақырыбында әскери-патриоттық ән-би байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрістерін дамыту.
«Әнші балапан»
3 мамыр күні бастауыш сынып апталығының «Әнші балапан» сайысы өтті. Қатысушылар саны-23 бала .Қатысушылар үлкен дайындықпен келген. Сахна мәдениетін сақтады.Бас жүлдеге 2 «Г» сынып оқушысы Мейрамов Дәулет иеленді. Бірінші орын 2 балаға берілді. Олар -2 «В» сыныбынан Қуандық Аяжан, 3 «В» сыныбының дуеті иеленді.Екінші орын да екі балаға берілді. Олар -4 «В» сыныбының дуеті және 2 «А» сыныбынан триосы алды. Үшінші орын да 2балаға берілді.3»б» сыныбынан Женисова Толғанай ,1»Б» сыныбынан Амандық Диана иеленді.
Талдау көрініс
«Балбұлағым- бастауышым» тақырыбында бастауыш сыныптар апталығы өткізілді. Апталықта 2 «А», «Ә» сыныптары бірігіп «Көктем сәні» ертегісін сахналады. Мектепалды даярлық тобымен бірінші сынып оқушылары көрермен болды. Ертегіні көрсетудегі мақсатымыз: көктем сәні неде екенін анықтай отырып, жыл мезгіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.