Жаңалықтар
Мектеп қабырғасындағы онкүндік
«Қызыққа толы бұл әлем» өзін-өзі тану пәні апталығында мектебімізде 1-11 сыныптардың барлығын қамтыған іс-шаралар өтті. Оның алғашқысы жас буынның бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықтарын нығайту мақсатында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» акциясы негізінде өткен «Көңілді шаналар сырғанайды» жарысы. Жарысқа 3 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптарының оқушылары қатысып, спорттық сайыстар бойынша оқушылар мектеп алаңында шанамен сырғанаудан жарысты. Жарыстың қорытындысы бойынша I орынды - 3 «Ә», II орынды 3 «А», III орынды 3 «Б», 3 «В» сынып оқушылары алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс соңында әр сынып мадақтама қағаздарымен марапатталып, естелік фотосуретке түсті.
Әлеуметтік желілердегі адам өміріне қауіп төндіретін, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін заңсыз тіркелген ойындардан жасөспірімдердің арбалуының алдын – алу бойынша аудандық ақпараттық-насихаттау тобының мектеп оқушыларымен кездесуі
2017 жылғы 16 ақпан күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 8-11 сынып оқушыларымен аудандық ақпараттық-насихаттау тобы «Әлеуметтік желілердегі адам өміріне қауіп төндіретін, өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін заңсыз тіркелген ойындардан жасөспірімдердің арбалуының алдын – алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге «Жастар орталығы» директорының м.а Тулеубаев Мереке Қайратұлы, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Рахимтаев Ержан Бақтыбайұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция майоры (келісім бойынша) Күлжанова Айтжан Мұқатайқызы, аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Мекен Айгерім Маратқызы, дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығының директоры Сапарғалиев Сансызбай Серікұлы қатысты.
Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлескен жұмыс аясында
2017 жылы 16 ақпан күні Павлодар қаласындағы химия - биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директордың орынбасары Д.Е.Сегизбаев бастаған топ ұйымдастырушы-педагог кураторы А.М.Керейбаев, педагог-психолог Б.А.Мукашева №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектеп базасында бірлесе құрылған жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.
08.02.2017 жылы №2 Майқайың ЖОББМ-де «Аймақтық әскери-спорттық қолтаңбалы жарыс» өткізілді
08.02.2017 жылы №2 Майқайың ЖОББМ-де аймақтық әскери-спорттық қолтаңбалы сайыс өтті. Сайысқа №1Майқайың ЖОББМ-бі,Бірлік орта мектебі,№2Майқайың ЖОББМ-бі, Служон мектебі қатысты.№1Майқайың ЖОББМ-інің атынан мына оқушылар қатысты:Сануар М,Оқанов Д, Кенжебек Е,Жасқайратұлы Т,БекишеваҚ,Аманбек П.Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтаудан №1 МЖОББМ-нің ұл командасы және қыз- дар командалары 1-ші орын,пневматиқалық қарудан нысана көздеуден 2-ші орын,жалпыәскери толымды уақытқа киюден 2-ші орын,арқан тартысудан 3-ші, кір тасын көтеруден 3-ші орын,кермеге тартылудан 3-ші орын ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық 1-ші орын Бірлік мектебі, 2-ші орын №1МЖОББМ-бі,3-ші орын №2МЖОББМ-бі алды.
«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ»
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында мектебімізде 6-сыныптар арасында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты 28-ші қысқы Универсиадаға орай оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Сайыс 6 кезең бойынша өтті: таныстыру кезеңі ( аты, ұран, төс белгісі ), топ басшылардың сайыс кезеңі (30 секундта тез секіру және көп секіру керек), мақал-мәтелдер жарысы (спорт туралы кезең), жұмбақ шешу (сұрақ-жауап), әзіл спорт кезең ( орнынан секіру), үй тапсырмасы ( А3 қағазына спорт туралы сурет салу).
Мектебімізде 2017 жылғы 1ақпан күні Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын ұжым және оқушылармен талданды.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жоғары деңгейде өткенін атай отырып, биылғы, яғни 2017 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болатынын айтты. Сонымен қатар Астана қаласында «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі өтетінін және қазіргі уақытта Алматыда Универсиада – 2017 спорт ойындары өтіп жатқанын, оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда екенін айта кетті.
Биылғы жылғы Жолдаудың ерекшелігі әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды деп көрсетті. Бұл дегеніміз- жаңғыру, қазіргі жаһандық сын – қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа «Қазақстан - 2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ деді. Осы мақсат негізінде Елбасы бес негізгі басымдықты атап өтті. Бұл басымдықтар негізінде озық 30 елдің қатарына қарай тұрақтау керектігін айтты.