Жаңалықтар
«ЭКСПО-2017»- нақты ғылымдар тілінде» тақырыбындағы математика, информатика және физика пәндері бойынша онкүндік.
Мектебімізде жоспарға сәйкес 2016 жылдың 19 қазан-29 қазан аралығында «ЭКСПО-2017»- нақты ғылымдар тілінде» тақырыбында математика, информатика және физика пәндері бойынша 5-11 сыныптар арасында онкүндік болып өтті.Мектеп дәлізінде аталған тақырыпқа сай стенд дайындалды, онкүндіктің жоспары бекітілді.
20 қазан күні «Астана Экспо-2017» тақырыбында физика пәнінің мұғалімі Жұмагельдина Айгүл Садыбайқызының ұйымдастыруымен 10а, 9а,9ә сыныптарының арасында конференция болып өтті.
«Жаңартылған білім беру мазмұны-мектеп тәжірибесінде»
2016 жылдың 10 қыркүйек күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны-мектеп тәжірибесінде» атты аудандық семинар өтті. Семинар бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау және жаңашыл мұғалімдердің озық іс-тәжірибесімен таныстыру, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Аталмыш шараға бастауыш сыныпта оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің функционалдық құзіреттілігін дамыту, өз сабақтарында оқытудың озық технологияларын пайдалану бағытында әдістемелік шеберхана, шеберлік сыныптар, коучингтер өткізілді.