Жаңалықтар
Білім күніне арналған «Сыңғырла, алтын қоңырау» атты салтанатты тікжиынның анықтама есебі 2017-2018 оқу жылы
Білім күніне арнап өткізілген «Сыңғырла, алтын қоңырау!» атты жиын сағат 10.00 де бастады. Тікжиын білім әлеміне апаратын ұстаздарымен 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б» сынып оқушыларының алғашқы қадамдары қошеметпен ортаға шығып таныстырылды.
1-сынып жетекшілері Жунусова Дариға Талапкерқызы, Борог Сұңқар, Елеусизова Асылгүл Манапқызы болып таныстырылды. Тікжиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына сап түзеп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілді. Ту көтеру рәсімі оқу үздігі, Ертіс дарынының олимпиада жүлдегері 11-ші сынып оқушылары Қанат Ерболат пен Жантемір Жаннаға тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай өткізілген «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатының анықтама есебі 2017-2018 оқу жылы
Тәрбие сағаттары 1-ауысымда сағат 8:00-ден, 2-ауысымда 14:00-ден басталды. Тәрбие сағаттарын әр сынып жетекшілері жоғары нәтижеде өткізді. 2-9 сыныптарда тәрбие сағатының тақырыбы «Мен өз елімнің патриотымын» болса, 10-11 сыныптарда «Болашаққа көзқарас» тақырыбында болды. Тәрбие сағаттарының өту барысында мектеп оқушыларының өз Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі бірден байқалады.
«Айналайын » жазғы сауықтыру алаңында «Робот техникасы» бейіндік отряды жұмыс жасауда.
««Айналайын » жазғы сауықтыру алаңында «Робот техникасы» бейіндік отряды жұмыс жасауда. Онда оқушылар курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімімен дағдыларын кіріктіре отырып,роботтехникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.
Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгеруде. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастыруда.
Құттықтаймыз!!!
«1–10 маусым аралығында «Samruk-Kazyna Trust» Қоры мен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ әлеуметтік жобалар Қоры 12–15 жас аралығындағы оқушылар арасында байқау өтетінін жариялады. Бас жүлде – балалар туристік пойызымен 10 күн отанымыздың ең әдемі және тарихи жерлерін аралау болады. Байқауға қатысу ережесі: 1. «Ғаламшарымызды қалай сақтаймыз» тақырыбында шығарма жазу.
01.06.2017 жылы «Халықаралық балаларды қорғау күні» «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы
Балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану, оқушылардың жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда дамытып, жетілдіру мақсатында «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңы өз жұмысын таңертеңгі сағат 8.00-де бастады.
Әдемі түрлі түсті шарлармен безендірілген мектеп алаңына 145 оқушыға жуық балалар жиналып, көңілді әуенмен өз жұмысының жалғасын тапты. «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты концерттік бағдарлама түрінде өтті.
«Креатив-тартыс» зияткерлік ойыны
Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017 жылдың 23 мамыр күні «Креативті-тартыс» командалық зияткерлік ойыны өтті. Ойынға Зияткерлік мектептен басқа Павлодар облысының базалық және пилоттық мектептері қатысты. Атап айтсақ: Семей НЗМ, «Жас дарын» мектебі, №39 ЖОМ, Лебяжі орта мектебі, Майқайың №1 ЖОМ, Майқайың №2 ЖОМ және №8 мектеп-лицейі. «Креатив-тартыс» ойынына мектебіміздің 8ә сынып оқушылары Жексембек А., Алпысбай Е., Қабыкен Д., 7-сынып оқушылары Сайфуллаева М., Дуанова А. қатысты.