Жаңалықтар
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша «Қонақ күту-салтымыз. Пп дыбысы мен әрпі» тақырыбында ата-аналармен өткен ашық сабақ туралы ақпарат
27 ақпан күні жоспарға сәйкес мектепалды даярлық «А» сыныбында тәрбиеші Борог Сункар «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа он екі ата-аналар қатысты.
Жоспарды құрастыру барысында оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын, фонематикалық есту-тыңдауын, дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін, сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін, ауызша, жазбаша тілін дамыту әрі қалыптастыру мақсаттары ескерілді..
Өнерлі өрге жузер
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пилоттық жобаға қатысатын 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған. Білім алумен қатар түрлі мерекелік іс-шаралар, сыныптан тыс іс-шаралар, түрлі мектепішілік сайыстар жиі-жиі болып тұрады. Өз сыныбымның өнерге, қазақтың салт-дәстүрін қастерлеуге деген ынта-ықыластары арта түседі. Қандай да болмасын іс-шараларға 3 «Г» сыныбының оқушылары үлкен қызығушылықпен қатысады. Біздің 3 «Г» сыныбының оқушылар ішінен мың бұралған биші де, қос ішектен күй төккен күйші де, әуелетіп ән салған әнші де, доп қуалаған футболист те, он саусағынан өнер тамған суретші мен шебер де бар. Сынып оқушыларының ұйымшылдығының, шеберліктерінің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келе жатырмыз. Солардың бірі- облыс әкімінің қолдауымен өткен «Ертіс Star» жас дарындыларды анықтауға арналған конкрус .
«Өзін-өзі тану-өмірді тану»
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері"атты Қазақстан халқына Жолдауы
13.01.2018 күні мектеп ұжымымен мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Мектеп директоры Мажитова Самал Сақтасынқызы биылғы Елбасының кезекті жолдауында білім саласы басты назар¬да екенін көрсетті. Әсі¬ре¬се, білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс екенін айта келе оқу бағдарламаларының жаңартылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы біліктілігін дәлелдеуіне байланысты 30-дан 50 пайызға дейін өсетінін айтты.
«Жаңа Жыл жарылқа!»
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Жаңа Жыл жарылқа!» атты іс-шарасы 0-11 сыныптарда жаңа жыл «карнавал» меретойы өткізілді. Ертеңгілікте әртүрлі кейіпкерлер оқушылардың көңілінен шықты. Қызықты ойындар жүргізіліп, би биленіп, шыршаны айналып, лоторея ойнатып ,әндер айтылды. Оқушылардың көңілдері көтерілді.
Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілейміз. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
«ІІ Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
12.12.17 күні мектебіміздің жас мамандарына арналған «ІІ Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты мектепішілік сайыс өткізілді. Сайысқа жалпы 9 жас маман қатысып, оның үшеуі Баянауыл ауданы, Ақсан ауылында өткізілетін «ІІ Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты аудандық конкурсқа жолдама алды. Олар: Жақсыбай Айдана Қайратқызы – мектепішілік жас мамандар сайысының бас жүлде иегері, Даулетбекқызы Жұлдыз – мектепішілік жас мамандар сайысының І орын иегері, Мавланов Мансур Абдирауфович – мектепішілік жас мамандар сайысының ІІ орын иегері.