Жаңалықтар
Ертіс-Баян өңірінің алтын есімдері: С.Торайғыров шығармашылығына байланысты лекция сабағы
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының перзенті, өзіміздің Баянауыл өңірінің тумасы, ақын, лирик, болашақты болжаушы, сатирик, ойшыл, талант иесі, қазаққа біткен біртуар, дара тұлға екендігін таныту, шығармашылығымен, өлең-жырларын оқуға, танып-білуге талпындыру мақсатында 5-сыныптар арасында лекция сабағы ұйымдастырылған. Лекция тыңдаушылары бастапқыда «қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болған» Сұлтанмахмұттай дара перзенттің өмірі мен шығармашылығына байлаысты бейнебаянды тамашалап, одан әрі слайд арқылы С.Торайғыров шығармашылығына байланысты өз білімдерін дамытты. Лекция қорытындысында тыңдаушылар бір-біріне сұрақтарын қойып, жауап алысты.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының облыстық слеті
№1 Майқайың ЖОББ мектебінің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелері 2018 жылдың қыркүйек айында өткізілген облыстық слетке қатысты. Слет 4 бағытта жүргізілді. Олар: «ТОҚТА жемқорлыққа жол ЖОҚ» атты «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының бір күндік жұмысының бейнероликтер конкурсы , «Жемқорлықсыз өмір – Адал өмір» тақырыбында командалар таныстырылымының конкурсы, «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» тақырыбында 2017-2018 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы есеп (презентациялар сайысы) және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында команда капитандары арасындағы сөз шеберлігінің конкурсы бағыттарында жүргізілді.
2018 жылдың қыркүйек айының 17-23 аралығында «Тіл – достықтың құралы» атты тілдер апталығында өткізілген іс-шаралар туралы
2018 жылдың 20 кыркүйегінде республикамыздың барлық мектептерінде жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын іске асыру мақсатында «Ашық диктант» күні болып жарияланды. Ашық диктант мәтіні Астана қаласының 20 жылдығымен тығыз байланысты болды. Бұл диктант еліміздің барлық мектептеріндегі оқушылардың бойына рухани тәрбие берумен қатар, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелейді.
2018 жылдың қыркүйек айының 17-23 аралығында «Тіл – достықтың құралы» атты тілдер апталығында өткізілген іс-шаралар туралы
2018 жылдың 20 кыркүйегінде республикамыздың барлық мектептерінде жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын іске асыру мақсатында «Ашық диктант алу» күні болып жарияланды. Ашық диктант мәтіні Астана қаланың 20 жылдығымен тығыз байланысты болды. Бұл диктант еліміздің барлық мектептеріндегі оқушылардың бойына рухани тәрбие берумен қатар, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелейді.
2018 жылдың қыркүйек айының 17-23 аралығында «Тіл – достықтың құралы» атты тілдер апталығында өткізілген іс-шаралар туралы
2018 жылдың қыркүйек айының 17-23 аралығында «Тіл – достықтың құралы» атты тілдер апталығы барысында ұйымдастырылған қыркүйек айының 20-жұлдызында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты 5-сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың бойына тілді құрметтеуге және қорғауға талпындыру, сондай-ақ, көп тіл білу қазіргі замандағы ең өзекті мәселе екендігін ұғындыру.
Сайыста 5 «а», 5 «ә», 5 «в» сыныптары өзара бақ сынасты.
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 2018 жылдың 7-13 қыркүйек аралығында республикалық «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық іс-шара
2018 жылдың 7-13 қыркүйек аралығында республикалық «Отбасы – бақыт мекені» атты апталыққа орай 9-10-сыныптар арасында Дулат Исабековтың «Әпке» пьесасынан қойылым көрсету ұсынылды. Осы қойылымнан үзінді көрсетудегі мақсат: оқушылардың бойына рухани тәрбие беру және де қамқорлыққа, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластық, сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Қойылым барысында оқушылар өздеріне берілген рөлдерді толықтай ашық суреттеп шығарды. Және де қойылым соңында көрермендерден сұхбаттар алынды. Сұхбат нәтижесінде оқушылар өз ойларына қамқорлықтың қалай жасалатынын, басты кейіпкер Қамажайдың бастан өткізгендерін өздерінше топшылап, ой елегінен өткізіп, бауырларына ана болудың қуанышы мен қиыншылығын сезіне білгендігі айқындалды.