Жаңалықтар
«Менің Туым» жобасы
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Менің Туым» жобасы аясында бірқатар іс-шаралар жүргізілді.
Ата-аналармен бірлесе отырып, 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Отан туым» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға ата-аналар, мектеп қызметкерлері қатысты.
Оқушылардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыру масқатында оқушыларға Мемлекеттік Тудың суретін салу тапсырылды. Бұл іс-шараға 1-4- сынып оқушылары қатысып, Мемлекеттік Туды әр түрлі форматта орындап, сурет салу арқылы А4, А3 форматында бейнеледі.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Мемлекеттік Ту мектептің терезелеріне, тұрғын үйдің балкондарына орналастырылды.
«Шаңырақ» жобасы
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде тағылымы мол «Шаңырақ» жобасы іске асырылуда. Ұлттық шығармашылықты жандандыру және дамыту мақсатында жоба шеңберінде жасауымен киіз үй дайындалып, киіз үй макеттері жасалды. Жобаға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Өскелең ұрпақты еңбекке, отбасылық және ұлттық құндылықтарды ұғынуға баулу мақсатында оқушылар мен мұғалімдер қауымы бірлесе отырып, киіз үйдің ішін салт-дәстүрімізді танытатын ұлттық дүниелермен әшекейледі. Ұлттық құндылығымызды насихаттайтын алтыбақан, кебеже, жастық, текемет, түскиіз көремег қойылды. Сонымен қатар, мектеп ұжымы Наурыз мейрамында өткізілетін «Киізүй-fest» көрмесіне дайындалуда.
Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы!
Қазақстанға қазіргі таңда бейбітшіліктің ақ құсының қонғаны-Елбасымыздың сындарлы еңбегінің арқасы. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем-тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, қайсар қайраткер Қзақа елі үшін әрқашанда дұрыс шешім таңдаудан жаңылған емес. Тәуелсіздігімізді алып, Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру-тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі, парасаттылығы деп тануға болады. 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні қарсаңында № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шара барысында «Қазақ хандығының» құрылуынан қойылым көрсетіліп, Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолынан көрініс қойылды. Әсем ән шырқалып, биден шашу шашылды. Мектебіміздің жас ақындары Елбасына арнаған ақ тілек лебіздерін жыр жолдарымен өрнектеді. Концерттік бағдарламаның тарихи-мәдени маңызы зор болды.
ЖҚТБ-ХХІ ғасыр дерті.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс...» деп атап көрсеткен болатын. Барша адамзат баласы ХХІ ғасыр дертіне айналған ЖҚТБ-дан сақтанып, салауатты өмір салтын ұстануға тиіс. 1 желтоқсан-Дүниежүзілк ЖҚТБ –ға қарсы күрес күні қарсаңында № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «СПИД-ХХІ ғасыр індеті» атты ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Іс-шараға 9,10,11- сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ЖҚТБ дертінің зардабы туралы қойылым қойып, ауруға қарсы күрес жолдарымен танысты. Өткізілген шараның оқушылар үшін ақпараттық-танымдық маңызы жоғары деңгейде болды.
«Бес тас» асық ойыны
«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттық мәдениетіміздің түп-тамыры болып саналатын ойын түрлерін жаңғырту көзделген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бес тас» асық ойнау сайысы ұйымдастырылды. Бес асық немесе кішкене домалаң тас арқылы ойналатын ойынға 5 «а» , 5 «в» сынып оқушылары қатысып, көне дәуірден келе жатқан ұлттық құндылықты белсенді түрде насихаттады. «Бес тас» асық ойнау сайысы соңында оқушылар жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.
«Teacher Office» ашылды
30.11.2018 жылы № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында , ұстаздар қауымының нәтижелі жұмыс жасауы үшін, электронды құжат жүйесін жүйелеу негізінде «Teacher Office» бөлмесі ашылды. Мұғалімдердің заманауи бөлмесі интернет желісіне қосылған ноутбуктермен жабдықталды. Заманауи бөлменің ашылу рәсіміне аудандық білім бөлімінің басшысы Асылхан Манарбекұлы мен ардагер ұстаздар қатысып, ұстаздардың «Kundelik.kz» жүйесінде жұмыс жасау сәтін бақылады. Заманауи мұғалімдер бөлмесі ұстаздар жұмысын жеңілдетуде айтарлықтай көмегін тигізері сөзсіз.