Жаңалықтар
Кел, балалар, оқылық!
Мектебімізде алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды және «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулығы салтанатты түрде оқушыларға табыс етілді.
Іс-шарада бірінші сынып оқушыларын Баянауыл ауданы экономикалық нақты сектор басшы Жанахметов Бекен Задаұлы және мектеп басшысы Мажитова Самал Сақтасынқызы құттықтап, өз тілек-лебіздерін білдірді .
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе», «Ана тілі» пәндеріне сараптамалық жұмыс
2021 жылы 2 ақпан күні Майқайың кентінің екі мектебінің тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып, жаңа оқулықтарға сараптамалық жұмыстар жүргізілді. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету. «Ана тілі» пәнінің мақсаты – білім алушының оқу-жазу дағдыларын жетілдіру және тілін дамыту. Сараптамалық жұмыстар барысында мұғалімдер оқыту және білім беру процесінде әзірленген оқулықтар материалының мазмұнын іске асырудың тиімділігін айқындады. Сынақтан өткізілетін оқулықтардың МЖМБС-ның негізгі ережелеріне, үлгілік оқу жоспарларына, үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнына сәйкестігін салыстырды. Пәнаралық интеграция қағидатын іске асыруды және оқушылардың жас ерекшеліктеріне психологиялық сәйкестігін, оқулықтың әдістемелік аппаратының тиімділігі мен заманауилығын, практикалық дағдыларды дамытуға бағытталуын бағалады. Оқулық арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу және әлеуметтендіру мақсаттарын іске асыру барысында, оқулықтың білім алушының уәждемесіне бағытталуында оқушылардың қабылдауын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру жағынан мұғалімдер өз ойларымен бөлісті.
2020-2021 оқу жылында 1-сыныпқа арналған "Әліппе", "Ана тілі", оқулықтарының және ОӘК сынағын ұйымдастыру және өткізу
ҚР БҒМ 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығымен бекітілген "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару Қағидаларының» 4-тарауы негізінде, жаңа әзірленген оқулықтарды сынақтан өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындау пилоттық мектептер базасында №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі 1 (бір) оқу жылы ішінде жүзеге асыру барысында жұмыс атқарып жатыр. Сынақтан өткізу мақсаты: Оқулықтың әдістемелік аппаратының тиімділігін, оның мазмұнының қол жетімділігін, оқу материалын мазмұндау тілінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің жаңадан әзірленген оқулықтарын оқу процесіне енгізу мүмкіндігін зерделеуді бағалау.
Апробатор-мұғалім А.М.Оразбаева кіріспе және қорытынды семинарларға қатысуда, сынақ өткізу кезеңде білім алушылар мен олардың ата-аналары арасында әңгімелесу, сауалнама және сұхбат жүргізеді, сынақ процесінде өткізілетін ғылыми-әдістемелік пен ақпараттық-әдістемелік және басқа да іс-шараларға қатысуда. Мұғалім-апробатор әзірленген оқу бағдарламалары мен оқулықтарына сәйкес теориялық және практикалық сабақтар өткізуде. Оқулықтарды сынақтан өткізу жөніндегі осы Нұсқаулық білім беру процесіне жаңадан енгізілген оқулықтарды сапалы талдауды қамтамасыз етуге бағытталған..
«Жақсылық жолымен жүреміз»
«Жақсылық жолымен жүреміз» атты тақырыпта 1 «Б» сынып оқушыларымен өткізген іс-шарада оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы тыныштық құндылықтарының мәнін ашу болып табылады. Өткізген өзін-өзі тану пән мұғалімі А.А.Алденова.
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 8-11 сыныптармен Абай сабағы өтті.
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» сабағын Абайтанушы, жыршы Данияр Сабырұлы Асенов өткізді. Кереку өңірінің өлкелеріне өз білімін дарытып, оқушыларға, келешек ұрпақ санасына Абайды даралап, дәріптеп жүрген ағамыз өз сөзін хакім Абайды ұлықтаудан, қарасөздерін жатқа оқудан бастады. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп жырлап кеткен Абайдың халық санасына қалдырған үлесінің мол екендігін, бүгінгі күннің жағдайын өз кезінде біліп, артына өз ақыл-кеңестерін қарасөз етіп қалдырған Абай мұрасы – болашаққа бағдарлы жол сала білетін саралы, сан салалы жол екендігін, бүгінгі күннің жастарына, келешек ұрпақ санасына құюды мақсат етіп жүргендігін баса айтты. Абайдың рухын мақтанышпен жалғастыратын, Абай мұрасын «Абайтану» ғылымын әлем жұртшылығына танытатын болашақ ғалымдар шығатынына үміттенген Данияр ағамыз, «...керегі болса жазып ал, керек емесі болса өз сөзім өзімдікі...» дегенді тілге тиек етіп, Абай мұрасы ықылым заманнан халық жадында мәңгі сақталатынын, оны жаңғыртатын осы отырған барша болашақ ұрпақ екендігін назарға сала өз сөзін жалғастырды. Абай атамыздың қарасөздеріндегі білім-біліктілікті, ақыл-қайрат-жігерлілікті, ұйымшылдық-сүйіспеншілік-бірлік болған жерде барлығы болатынын, мақсатқа жетер жол да осылар екендігін ұрпақ санасына сіңіріп жүрген еңбегі ерен ағаларымыздың бірі – Данияр Асенов.
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі 2018-2019 оқу жылы
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
2018-2019 оқу жылы
Іс-шара тақырыбы: Ш.Аймановтың 105 жылдығына және шығармашылығына арналған интерактивті викторина
Мақсаты: Қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ортасы,қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру.Қазақ киносының негізін салушы екеніне көздерін жеткізу.
Шәкен Аймановты дарынды актер және шебер режиссер ретінде насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру. Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.
Объект: 5-10 сынып
Оқушы саны: 250
Мерзімі: Ақпан айы
Жауапты: ДТЖО , тәлімгер Шокаева А. А.
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде қазақ киносының жарық жұлдызына айналған, тарихи тұлғаның бірі-Шәкен Аймановтың 105 жылдығына арналған зияткерлік сайыс өткізілді. Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шерткен зияткерлік сайысқа 5 «а», 5 «ә», 5 «в» сынып оқушыларынан құралған топтар қатысты. Зияткерлік сайыста оқушылар дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ортасы,қызмет еткен орындары туралы рухани білім алды. Сонымен қатар, Баянауыл өңірінің асыл перзентінің көзі тірісінде халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларымен танысып, өз ой толғамдарын ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша жоғары ұпай санын жинаған 5 «в» сынып оқушылары жеңімпаз деп танылды.
Ұсыныс: Ш. Айманов туралы білім қорларын жетілдіру. Ш.Аймановтың өмір жолы мен шығармашылығына бағытталған іс-шараларды жалғастыру.