Жаңалықтар
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 1, 5 - сынып оқушыларын «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. «Жас Қыран» ұйымына 76 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымына 75 оқушы қабылданды. Жиынға ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар қатысты. Салтанатты жиында Мемлекеттік Ту шығарылып, Әнұран орындалып, «Жас Ұлан» ұйымының президенті 10 «ә» сынып оқушысы Жексембек Аңсар аға тәлімгерге рапорт тапсырды. Сонымен қатар, оқушылар ант қабылдап, мектеп әкімшілігі мен қонақтар «Жас Қыран» , «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға галстук пен төсбелгі тақты. Жиын соңында оқушылар ән шырқап, ардагер ұстазымыз Бақытжан Темірғалиқызы оқушыларды «Жас Ұлан» қатарына қабылдануымен құттықтады. Өскелең ұрпақты нағыз патриот етіп тәрбиелейтін «Жас Ұлан» ұйымы белсенді қоғам мүшелерімен толықты.
The Leader of the 21st Century
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай тарих пәнінің мұғалімі Каукенова А.Қ. 5- сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысын өткізді. Сайысқа біліміне сенімі мол 6 оқушы қатысты. 4 турдан тұратын сайыста оқушылар қазақ елінің тарихы бойынша сұрақтарға жауап беріп,ұяшық таңдап, сөзтізбек, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін шыңдады. Әділқазы алқасының шешімі бойынша 5 «в» сынып оқушысы Тоқтамұрат Нұралы жоғары ұпай санымен І орынды иеленді. Осындай зейінді де білімді ұландар біздің Тәуелсіздігіміздің жарқын келешегі болмақ.
Код сағаты - 2018
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде оқушылардың ХХІ ғасырдың негізгі дағдысы – бағдарламалауға қызығушылықты тудыру мақсатында «Код сағаты -2018 » өткізілді. Информатика пәнінің мұғалімі Алькенов А.М. оқушыларды бағдарламалаушы жұмысымен таныстырып, ақпарат көздерін дамытып, шығармашылық ізденіс дағдыларын арттырды. Кодтау сағатының соңында оқушылар сертификатпен марапатталды.
«Кім жылдам?» атты әскери-қолтанбалы сайыс
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Суюнбеков Т.М. 8-10 сыныптар арасында Отанының лайықты қоғаушысы болатын тұлға тәрбиелеу мақсатында «Кім жылдам?» атты әскери –қолтанбалы сайыс өткізді. 3 топтан құралған оқушылар сайыс барысында оқжатарды уақытқа жинау, газқағарды уақытқа кию, кедергілерден өту сияқты бірнеше кезеңдерді өткерді. Сайыс соңында оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Кітап-рухани жаңғыру құралы
Оқу мен тәрбиенің біртұтастығы негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейтін «Мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» атты жоба шеңберінде № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде мектеп тәлімгері Шокаева А. А. оқу-танымдық сағат өткізді. Оқушылар ұялы телефон арқылы штрихкодты сканерлеп , М. Мағауинның «Бір атаның балалары» хикаятын бір мезгілде оқыды. Оқу сағаты аяқталған соң, оқушылар шығарма бойынша әр түрлі әдіс-тәсілдер негізінде хикаят мазмұнын толық меңгеріп, шығарманың тәрбиелік мәніне де аса назар аударды. Аталған жоба аясында зияткер тұлғаны тәрбилеп, баланың бойына жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарды сіңіртіп, оқырмандық мәдениетке баулу-мекептің басты қағидаларының бірі.
«Құстарға арналған кафе» экологиялық кафе
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары ЭКОboom жобасы аясында «Құстарға арналған кафе» экологиялық акциясы белсенді түрде қатысуда. Бұл акцияның мақсаты - табиғатқа сүйіспеншілікті қалыптастыру, құстарға мұқият және қамқорлықпен қарауды көздейді. 4-5- сынып оқушылары құстарға әр түрлі материалдардан астаулар әзірлеп, сол астауларды құстарға арналған азықпен толтырды. Ақпан айына дейін жалғасатын акция шеңберінде әрбір сынып оқушыларына астауды толтыру үшін әр жұма сайын жұмыс кестесі бекітілді.