Жаңалықтар
Кітап-білім бұлағы
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай, рухани өсиетті насихаттап, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп кітапханашылары «Кітап-білім бұлағы» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу туралы айтылды. Сонымен қоса, әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың біріне айналған кітаптың қыр-сырымен танысу оқушыларға өте қызықты болды.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Осы бастаманы негізге ала отырып, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқанның шеңберінде № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәулетбекқызы Ж. «Әлемді зорлық-зомбылықсыз қалай жасауға болады?» атты эссе жазу сағатын ұйымдастырды. Мектеп психологы Жақсыбай А. «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын!» деген ұранмен 1-4-сыныптарда тренинг өткізді. Сонымен қатар, психолог Сағындық Д. 1-11 сынып ата-аналарына «Біз болашақтағы денсаулық үшін» атты кеңес сағатын өткізді. Әлеуметтік педагог Исабаев Ж.З. және Баянауыл ауданының жасөспірімдер инспекторы Нығметов Д.Қ. «Балалық заңмен қорғалған» тақырыбында оқушылармен кездесу ұйымдастырды.
Жемқорлыққа жол жоқ!
Бүгінгі қоғам дертіне айналған жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті. № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелері жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында науқан ұйымдастырды.
«Нашақорлықсыз әлем» акциясы
Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлыққа, ЖҚТБ-ға, қант диабетіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды. Осыған орай № 1 Майқайың жалпы білім беру мектебінде қараша айы бойы «Нашақорлықсыз әлем» акциясы жүргізілді. Акцияға 4-11 сынып оқушылары қатысты. Акция барысында оқушыларға нашақорлық, ЖҚТБ және қант диабеті туралы ақпарат беріліп, брошюралар таратылды. Оқушылар белсенді, қызығушылықпен қатысты.
Елбасы-ел тірегі!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев - халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған,өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткердің бірі. 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 5-7- сынып оқушыларының арасында «Елбасы-ел тірегі» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс 3 кезеңнен құралды. 1 кезеңде оқушылар Елбасы туралы өлең жыр жолдарын мәнерлеп жатқа оқыды. Сайыстың 2 кезеңінде Н.Ә.Назарбаев туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Ал сайыстың 3 кезеңінде жас дарындар Елбасыға арнап шығарған жыр жолдарын оқыды. Әділқазы алқасының шешімі бойынша 6 «ә» сынып оқушысы Вовка Құдайберген І орын, 6 «г» сынып оқушысы Ерболат Арайлым ІІ орын, 5 «а» сынып оқушысы Қайратқызы Жания ІІІ орынға ие болды. Іс-шара соңында оқушылар жүрекшені алып, Н.Ә.Назарбаеқа ақ тілектерін, жылы лебіздерін білдірді.
Күзгі Думан
Күз табиғаты қызыл-сары түстермен құлпырып әдемі бір сұлу қыздың кейпіне енген тұста № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 3-11 сыныптар арасында «Күзгі думан» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеште қызықты сән үлгілері, таңғаларлық көрмелер мен сан түрлі өнерлер көрсетілді. 4 бөлімнен тұратын мерекелік шарада әр сынып өз өнерлерімен, сән үлгісімен, күз мезгілінің кереметін көрсетіп, таң қалдыруға тырысты. Сондай-ақ ең өнерлі сыныптар мен үздік жұптар тағайындалды. Айта кетсек, 3-4 сыныптар арасында бас жүлдені 4 «а» сыныбы, 5-6- сыныптар арасында 5 «в» сыныбы, 7-8- сынпытары арасында 8 «ә» сыныбы иеленсе, ал мектебіміздің үздік түлектері 11 «ә» сынып оқушылары атанды. «Көрермендер көзайымы» номинациясымен мектебіміздің үздік жұбы ретінде Ордабаев Алишер мен Махат Мөлдір марапатталды.