Жаңалықтар
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 2018 жылдың 7-13 қыркүйек аралығында республикалық «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық іс-шара
2018 жылдың 7-13 қыркүйек аралығында республикалық «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық іс-шара жоспары құрылып, жоспар бойынша әртүрлі сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, апталықтың бастауы «Отбасы – бақыт мекені» атты тәрбие сағаттары болды. «Ата-ана және бала» атты ата-аналар жиналысы осы аптада жүзеге асырылды. Одан әрі 8-сыныптар арасында «Отбасы – қоғамның басты байлығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 1-6-сыныптар арасында «Мен және менің отбасым» атты отбасылық қызықты селфи-сурет конкурсы жүргізілді. Сонымен қоса, «Отбасы – бақыт мекені» деп аталатын ата-ана мен бала арасындағы байланысты қарқынды дамыту мақсатында спорттық ойындар ойнатылды.
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 08.09.2018 күні Денсаулық күніне орай «Денсаулық күні - 2018» атты спорттық іс-шара
08.09.2018 күні Денсаулық күніне орай «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» деген ұранмен «Денсаулық фестивалі - 2018» атты салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене жаттығулары арқылы денсаулықты нығайту, Отан сүйгіштікке, алға қойған мақсатқа жету мақсатында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара салтанатты жиыннан бастау алып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты «Қозғалмалы ойындар», «Кім бірінші?» атты эстафеталық ойын, «Көңілді сөре» атты спорттық жарыс, футбол, волейбол, пионербол, баскетбол сияқты ойындар ойнатылды. Оқушылар ойындарға қызыға-қуана ат салысып, қатысып, мерекелік іс-шара соңында табандылық көрсетіп, оқ бойы оза шапқан сыныптар грамота, дипломдармен марапатталды.
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарлама мен «Айналайын» жазғы сауықтыру алаңының ашылу салтанатының
«Бала – бауыр етің» деп қазақ халқы айтқандай, баласыз өмірдің мәні жоқ екендігі айтпасақ та белгілі. Сол болашақ балапан бүлдіршіндерді қорғау, көңіліне қаяу –мұң түсірмей, бақытты балалық шақтарын қызықты етіп өткізу үшін біздің мектебіміз де қалыс қалған жоқ. Осынау, айтарлықтай, жыл сайын аталып өтілетін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз – балаларға!» атты концерттік бағдарлама және «Айналайын» ажзғы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты өткізілді. Концерттік бағдарлама мектебіміздің директоры Мажитова Самал Сақтасынқызы мен Тәрбие ісінің меңгерушісі Саньязов Мақсат Жарылкасыновичтің бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтау сөзінен басталды.
Білім басы бастауышта қаланар
2017-2018 оқу жылының 09.04.-20.04. аралығында «Білім басы бастауышта қаланар» тақырыбында бастауыш бірлестігінң онкүндігі өтті. Онкүндік бойынша бірлестік мүшелерімен жоспар құрылды. Жоспар бойынша барлық бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері қамтылды. Мектептің бірінші қабатында онкүндік тақырыбына байланысты стенд жасалды, сонымен қатар аудандық, облыстық сайыстарға қатысқан оқушылардың жұмыстары ілінді. Жоспарда пән бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, интелектуалды ойындар, қолөнер сайысы, шебер сағат және коучинг өтті. Онкүндіктің ашылуында мұғалімдер мен оқушылар жоспармен таныстырылды. Барлық ашық сабақ берген мұғалімдер өз сабақтарына жауапкершілікпен өткізді. Сыныптан тыс шаралар да уақытымен өткізілді. Онкүндіктің жабылуында сайыстар барысында жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.
№1 Майқайың мектебі оқушылары топ жарды
2018 жылдың 26 сәуірінде «100 кітап» жобасы аясында Павлодар қалалық Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Білім – шексіз керуен» сайысы өткізілді. Сайыс шарты бойынша биылғы жылға ұсынылған «100 кітап» ішінен Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты таңдалған болатын. Сайыстың мақсаты оқушыларға қазақ әдебиетінің құнды шығармаларын оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Сайысқа Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қаласының №39 гимназия мектебі және №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі оқушыларынан құралған жалпы алты команда бақ сынасты.
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысында «Интеллектуалдық ойын» өтті
19-шы сәуір күні жоспарға сәйкес мектепалды даярлық «А» сыныбында тәрбиеші Борог Сункар «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша интеллектуалды ойын өткізді. Интеллектуалдық ойынға балаларының өнерін тамашалауға ата-аналарда қатысты.
Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулуды мақсат еткен. Интеллектуалдық сайыс ойында балалар өз білімдерін шыңдай алды. Белсенділікпен қатысты. Ата-аналарға өтен ойын сайыс қатты ұнады. Осындай интеллектуалдық сайыстардың болып отыруын ұсынды.