Жаңалықтар
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу барысында «Жақсылық» тақырыбында ашық есік күні өтті
14-ші сәуір күні жоспарға сәйкес мектепалды даярлық «А» сыныбында тәрбиеші Борог Сункар «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа он тоғыз ата-аналар қатысты.
Бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау, талапқа сай өлшемдерді қолдануды дамыта білді. Топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосфера қалыптастыра алды. Балалар топпен жұмыс істеуге әбден үйренгендіктері көрінді. Жалпы өз ойларын еркін жеткізе алатындары қуантарлықтай.
Сабақ соңында ата-аналар тарапынан ашық сабаққа өз бағалары мен пікірлерін берді. Жалпы ата-аналар сабаққа қатысқандарына өте қуанышты болды. «Әліппе» оқулығының өте тиімді екенін айтты.
13.04 күні бастауыш сыныптар апталығында Г.Т Сулейменова «Белсенді әдістер мен тиімді оқыту формалары» тақырыбы бойынша шеберлік сағат өткізілді.
13.04 күні бастауыш сыныптар апталығында Г.Т Сулейменова «Белсенді әдістер мен тиімді оқыту формалары» тақырыбы бойынша шеберлік сағат өткізілді. Шеберлік сағаты қатысушыларына белсенді әдістерді тәжірибе түрінде көрсету мақсатында өткізілді. Шеберлік сыныпта «Достармен кездесу», «Тыңдаушы-әңгімелеуші», «Кейіпкерге сұрақ», «Егер... онда... өйткені..», «Мендік пікір», «Акроөлең» әдістері түсіндірілді. Әрбір қатысушы өзі оқушы рөлінде болып, әдістерді қабылдап, сабақтың қандай кезеңінде тиімді екенін талқылады.
«Білім басы бастауышта қаланар» тақырыбында бастауыш бірлестігінің онкүндігінде математика пәнінен «Монеталармен төлеу» тақырыбында ашық сабақ өтті
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш бірлестік онкүндігінде 10 сәуір күні 1 «Б» сыныбында математика пәнінен «Монеталармен төлеу» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Ашық сабақта оқушылардың мақсатқа тиімді жолмен жетуіне қол жеткізу үшін,әртүрлі әдіс-тәсілдер және қолжетімді ресурстар қолданылды. «Жұбын тап» әдісі арқылы өткенді қайталай отыра жаңа тақырып ашылды. «Драма» әдісі арқылы оқушылар дүкенші мен сатып алушы болып, монеталармен жұмыс жасады.
Сабақ соңында оқушылар өздерінің сабақта алған білімдерін «Бағдаршам» арқылы бағалады. Өз ойларын ортаға салды. Қорытындылап мақсатқа жеткендіктерін айтып өтті.
Ізгі ниеттен туған игі іс
1 наурыз – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Мектепке тағзым» және «100 кітап» акциялары шеңберінде Алматы қалалық «Атамұра» корпорациясының Президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлы мектебімізге 100 көркем әдеби кітаптар сыйлады. «Кітап – білім бұлағы, білім – өнер шырағы»,-демекші мектеп ұжымы мен оқушылары мұндай баға жетпес сыйлыққа өте қуанышты.
Кітаптардың дені белгілі ақын-жазушыларымыз Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынұлы,Қалихан Бекхожин,Жұмекен Нәжімиденов, Тұрсын Жұртбай, Әбіш Кекілбаев сынды қаламгерлердің еңбектері.
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-әдістемелік негіздеріне алынған дамыта оқыту идеясы, болжап оқыту, даралап-деңгейлеп оқыту идеялары бүгінгі таңдағы педагогтан зор білімді, үлкен жауапкершілікті, қажырлы еңбекті, шағырмашылық белсенділікті, ой ұшқырлығын, ізденушілік қабілетті талап етеді.
Жаңа ғасырдағы адамды тәрбиелеу, әлемдегі білім беру деңгейіне, өркениетке көтерілу оңай шаруа емес. Тәрбиеші еңбегі баланың жан-жақты дамуымен өлшенеді.
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесін мектепалды даярлық сыныптар атап өтті
1 наурыз – Алғыс айту күні болып бекітілді. Өзге атаулы күндер секілді бұл мерекенің де өзінің тарихтан тамыр тартқан жөн-жобасы, өмірлік мән-маңызы бар. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деген еді Елбасы. Міне, осы ізгі ниет баянды бастамаға ұласып, Алғыс айту күні мерейлі мерекелер қатарынан орнықты орнын алды.
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері Борог Сункар мен Ибраева Майра Алипбековна ата-аналармен бірлесе «Баршаңызға мың алғыс» атты сайыс ұйымдастырды. «Мейірімділік» және «Ризашылық» командалары сайыстың алты кезеңдерінде өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша І орынға «А» сынып «Мейірімділік» командасы иеленсе, ІІ орынды «В» сынып «Ризашылық» командасы алды.