Жаңалықтар
«Оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі»
Жаңартылған білім беру мазмұны: оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың тиімділігін практика және тәжірибе барысында көрсету шеңберінде 2017 жылдың 5 желтоқсан күні Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің практик мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ мүшелерін бастап келген А.Ж.Көпеев, НЗМ мұғалімдері К.С.Конкышев, Б.Т.Тулеубаева, М.Мұғраж, А.С.Қуатова, Н.Р.Жакупов және Павлодар педагогикалық шеберлік орталығының тренері Б.Д.Нығыметова, мектеп жаңартылған білім беру мазмұнын жаңарту бойынша ҚР Білім және Ғылым министрлігінің пилоттық жобасына қатысатын Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебін басқарып отырған С.С.Мажитова және мектеп тренерлері мен мұғалімдер ұжымы бірлескен «Оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізді.
Бастауыш және негізгі сыныптарда критериалды бағалауды қолданудың ерекшеліктері
29 қараша күні Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қ. филиалының тренері Ибраева А.Р. әдістемелік көмек көрсетті. «Бастауыш және негізгі сыныптарда критериалды бағалауды қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында жас мамандарға дәріс жүргізді. Сонымен қатар пән мұғалімдеріне сабақ жоспарын дұрыс құрастыру жолдарымен таныстырды. Соңында пилоттық жобадағы мұғалімдермен кездесу өткізді. Жалпы эксперимент барысындағы туындаған сұрақтар мен қиыншылықтар бойынша талқыланып, шешу жолдарын көрсетті.
«Жайдарман» ойындарының «Маусымашар-2017» «Жаңа бағыттағы – жаңа маусым» фестивалінің финалы
24.11.17 күні Баянауыл ауданындағы ,Жастар орталығының директоры, Р.Ильдиннің ұйымдастыруымен өткен Баянауыл аудандық студенттер мен мектеп оқушылары арасында «Жайдарман» ойындарының «Маусымашар- 2017» «Жаңа бағыттағы – Жаңа маусым» фестивалінің финалы өткен болатын. Біздің мекемеміз де сол іс-шарадан қалыс қалмады. Жастар орталығының басшысы Р.Ильдиннің жіберген талаптарына сәйкес өнерпаз оқушыларымыз «Қазақ жастары» деген атпен бар өнерлерін көрсетіп, жиналған көпшілікке көңілдеріне қуаныш сыйлай отыра, рухани азық берді. Ойынның алғашқы кезеңі финалға өткен әр топ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағыты бойынша өз мекендерін видеоматериал арқылы таныстырып өтті. Бұл кезеңнен біздің «Қазақ жастары» ең жоғары ұпайды қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, «Жамбы ату» мен «Үй тапсырмасы» кезеңдерінде де біздің команда белсенділік танытып, көпшілік көңілінен шықты. 16 команданың ішінен біздің «Қазақ жастары» бұл финалда өнегелі ойын өрнегін көрсетіп, ІІІ орынға ие болып, сыйлықтармен марапатталды.
2017-2018 оқу жылында "Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ" атты онкүндік өтті
Бұл онкүндіктің мақсаты: оқушылар арасындағы болып жататын келеңсіз немесе өмірлеріне қауіп тудыратын жағдайларды болдырмау. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында «Жас Ұлан»ұйымының жиынында қысқаша баяндама оқылды. «Зорлық-зомбылықсыз әлем құрайық» тәрбие сағаттары 1-10 сыныптарда өтті. Үлгілі сабақтарды 5в, 5ә, 8в, 6а, 9б сыныптарында, сынып жетекшілері Тлеубердина Б., Г.Алиева, Э.Абушарипова, Г.Утегенова., Ж.Тулетаеваның ұйымдастыруымен өтті. «Менің отбасым» сурет байқау 4-5 сыныптарда сурет пәнінің мұғалімі Д.Шапиев өткізді.
№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша «Үлкендерге қарап өсемін. Д, ы, м, дыбыстарын қайталау» тақырыбында ата-аналармен өткен ашық сабақ туралы ақпарат
23-ші қараша күні жоспарға сәйкес мектепалды даярлық «А» сыныбында тәрбиеші Борог Сункар «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа он екі ата-аналар қатысты.
Оқу-танымдық қызметтің барлық түрлерін сабаққа қолдана білді. Жеке, топтық жұмыстар жүргізді. Ынтымақтастық жағдайды қалыптастырды. Тиімді педагогикалық технологияларды үнемі қолданып отырды. Оқу үрдісінде әр баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескерді және жеке жұмыстар ұйымдастыра білді.
Мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша ата-аналармен ашық сабақ өтті
20-шы қараша күні жоспарға сәйкес мектепалды даярлық «А» сыныбында тәрбиеші Борог Сункар «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа толық ата-аналар қатысты. «Жануарлар мекені қайда? Е е дыбысы мен әрпі» тақырыбында өткен ашық сабақтың негізгі мақсаты-сөз, сөйлем сызбасын оқу, құру, суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы).Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолды жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу болып табылады. Тәрбиеші сабаққа түрлі көрнекі құралдарды пайдаланды.