Жаңалықтар
Ауғанның отты жалыны
Ауған соғысы - КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Осыдан 30 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпанында, геосаяси кордонға айналған Ауғанстаннан 10 жыл соғысудан көз ашпаған КСРО әскері шығарылды. Қанды қырғында оққа ұшқан жауынгерлер есімі алтын әріппен тарихқа енді. 15 ақпан- Ауған соғысы ардагерлерi үшiн естен кетпес ерекше күн. № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде де Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» тақырыбында ақпараттық-танымдық сағат өткізілді. Шараға 8,9,10 - сынып оқушылары, ұстаздар қауымы және Майқайың кенті бойынша әскери есепке жауапты маман қатысты. Оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, ауған соғысының тарихи маңызын талқыланды. Сонымен қатар, мектепішілік «Қайсар» әскери-патриоттық клубы автомат жинаудан сайыс түрлерін көрсетті.
Ұлттық бірыңғай тестілеу- басты қадам
Ұлттық бірыңғай тестілеу - мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеу жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдана алу керек. Осы себептен ҰБТ- ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет.
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде оқушыларға ҰБТ-ның маңыздылығы, ерекшелігі туралы ақпарат беріліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Біздің мектеп оқушылары да жаңа форматтағы ҰБТ бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ұлттық тестілеу орталығымен тығыз байланыс жасап, апта сайын ағымды тест алынып отырады. Оқушылардың дайындықтарына мектеп ұжымы мен ата-аналар қолдау көрсетіп келеді.
«Жаңартылған білім беру мазмұны: инновациялар мен үрдістер» атты облыстық семинар
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 2019 жылғы 23 қаңтар күні Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұны: инновациялар мен үрдістер» атты облыстық семинар – практикум өтті. Семинар жұмысына Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы, пилоттық және жетекші мектептер директорлары, ПШО тренерлері, тәжірибеден өтіп жүрген жалпы саны 86 мұғалім қатысты. Семинарда № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу бойынша 4 жылғы жұмыс тәжірибесінің қорытындысы шығарылды. Мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарламалар аясында жаңа амалдарды қолдана отырып, тәжірибелік сабақтар арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Жеке пәндер бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімді әдістеріне баса назар аударылды.
Облыстық «Ақберен» байқауында жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
2019 жылғы 15 қаңтарда облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Оған 10 аудан, үш қала және мамандандырылған мектептерден 8-11- сыныптарынан 111 оқушы қатысты. Жас өрендер «Шешендік өнер» , «Көркем сөз оқу» , «Шы,ғарма жазу», «Ақындар мүшәйрасы» , «Ақындар айтысы» және «Ұлттық аспапта ойнау» бағытында сынға түсті. № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Дәулетбек Ақерке «Көркем сөз оқу» бағыты бойынша бақ сынып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабаев Д.М.
«Жарқыра Қазақстан, Жарқыра Жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде 27.12.2018-28.12.2018 ж. аралығында кестеге сәйкес 0-11–сыныптардың жаңа жылдық шыршасы өткізілді. Жаңа жылдық шырша мерекесі ертегі әлемінің кейіпкерлерімен, Аяз ата мен ақшақардың қатысуымен , мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен қызықты, тартымды, көңілді өтті. Оқушылар ән айтып, би билеп, Аяз атаға тақпақтарын айтып, тәттілерден дәм татты. Сонымен қатар, 1-8- сыныптар арасында макет жасау сайысы өткізілді. Макет жасау сайысына ата-аналар мен оқушылар белсене қатысты. Мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша ең әдемі жасалған макеттерге орын беріліп, шағын сыйлықтар үлестірілді.
«Eń úzdіk ádіsteme-sheberlіktі shyndaý»
2018 жылдың желтоқсанның 20-сы күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Ең үздік әдістеме-шеберлікті шыңдау» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны: оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың тиімділігін практика және тәжірибе барысында көрсету болды. Аталған іс-шара аясында семинарға қатысқандар Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының бейінді-эксперименттік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Көпеев және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, аудан мектептерінен химия, биология, физика, орыс тілі, қазақ тілі, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.