Жаңалықтар
Жанұя-бақытты планета
Жанұя – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Осы негізде № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 4- сынып оқушыларының арасында «Жанұя-бақытты планета» атты шығармашылық шеберхана өткізілді. Іс шара барысында оқушыларға «Бақытты жанұя» туралы бейнеролик көрсетіліп, «Менің жанұям» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылар жанұя туралы қызықты сауалдарға жауап беріп, отбасындағы адамдық құндылықтарды, мәдениет, адамгершілік, ұрпақтар сабақтастығы туралы өз ойларын ортаға салды. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
Шәкен Айманов-тарихи тұлға
Елбасының «№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде қазақ киносының жарық жұлдызына айналған, тарихи тұлғаның бірі-Шәкен Аймановтың 105 жылдығына арналған зияткерлік сайыс өткізілді. Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шерткен зияткерлік сайысқа 5 «а», 5 «ә», 5 «в» сынып оқушыларынан құралған топтар қатысты. Зияткерлік сайыста оқушылар дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ортасы,қызмет еткен орындары туралы рухани білім алды. Сонымен қатар, Баянауыл өңірінің асыл перзентінің көзі тірісінде халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларымен танысып, өз ой толғамдарын ортаға салды. Сайыс нәтижесі бойынша жоғары ұпай санын жинаған 5 «в» сынып оқушылары жеңімпаз деп танылды.
«Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «100 кітап» жобасын іске асыруға байланысты «Ертегілер еліне саяхат» көрмесі
№ 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «100 кітап» жобасын іске асыруға байланысты «Ертегілер еліне саяхат» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 1-7- сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары ертегі кітаптарын оқып, сол ертегі желісі бойынша макет жасады. Оқушылардың жасаған макеттері көрмеге қойылды. Оқушылар «Алдаркөсе», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Бауырсақ», «Қожанасыр», «Тазша бала», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ою хан мен жою хан», «Аяз би» т.б. ертегілердің макеттерін жасап, ертегілер елінің сиқырлы әлеміне бойлатты. Оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар қауымы макет жасауға өте белсенді қатысты.
«Ұлы даланың жеті қыры: Ұлы Жібек жолы»
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы — рухани жаңғырудың келесі кезеңі, тарихи фактілерге құрылған жаңа жобаның бірі және тарихи сананы жаңғыртуға жасалған нақты қадам деп тануға болады. Мақалада Елбасы Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткен тарихи құндылықтарымызды санамалай келе тарихи сананы жаңғыртудың модулін ұсынып, міндеттейді. Тарихымыздан қалыптасқан құндылықтарымызды айшықтайды. Сонымен қатар, халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болған Ұлы Жібек жолы туралы да айтылады. № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде «Ұлы даланың жеті қыры: Ұлы Жібек жолы» тақырыбында мектеп тәлімгері Шокаева А. А. ақпараттық-танымдық сағат өткізді. Іс шараға 7-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарына айналған «Лазурит» және «Нефрит» топтарына бөлінді. Шара барысында Ұлы Жібек жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы, оның мәдениетке, шаруашылыққа әсері, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар талқыланды. Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырған дала белдеуінің тарихи маңызы атап өтілді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы (наурыз)
2019 жылдың 13 ақпан күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде наурыз айында өтетін Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді ұйымдастыру бойынша ата-аналар және оқушылармен бірге ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында оқу ісінің меңгерушісі А.Б.Ботаева ата-аналарды ағымдағы жылдың жаңалықтарымен таныстырды, яғни биылғы мектеп бітіруші түлек ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет тест тапсыра алады: қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз. Маусым-шілде айларында тапсырғандар конкурсқа қатысып, тиісті балл жинап, грантқа ие бола алады. Қаңтар және наурыз айында өтетін ҰБТ тапсыру ерекшеліктеріне тоқталды. Ата-аналар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген презентациялармен таныс болды.
Қайырымдылық-қамқорлықтың қайнар көзі
Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Ізгіліктің анық көрінісін № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі де 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» айлығы арқылы жалғастырды. Айлық шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізіліп, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 2-9- сыныптар арасында «Қайырымдылық жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде қолдан жасалған тағамдар, тәтті тоқаштар, әр түрлі қолөнер бұйымдары сатылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат «Қайырымдылық жәшігіне» салынып, жиналған қаражатқа үйде оқитын оқушыларға сыйлық берілді.